Еңбектен бағын тапқан азамат
Астанада өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумында «Парасат» орденімен марапатталған батысқазақстандық диқан Бейбіт Асановты ауылдастары да құттықтады.
Бейбіт Асанов 50 жыл бойына ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп келеді. Бірнеше шаруашылық құрды. 15 мың гектар егістік алқабы бар. Биыл дәнді дақылдардан гектарына 25 центнерден өнім алып, ел ырысын еселеуге үлес қосқан. Шаруа – айналасына да үнемі қамқор меценат. Бәйтерек ауданы Бейбітшілік ауылына жол, спорт кешенін, ауыл әкімдік кеңсесін салып, мектеп оқушыларына көлік алып берген. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай ауданда өткен салтанатты шарада ауылдастары құттықтап, өлке өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Бейбіт Асанов, шаруа қожалығының жетекшісі:
Президент қолынан осындай жоғары марапат алғаныма өте қуаныштымын. Өмір бойы осы салада еңбек етіп келемін. Әкем де 24 жыл совхоз басқарды. Қазір балаларым да егін шаруашылығымен айналысады. Мемлекет ауыл шаруашылығына үлкен қолдау танытып отыр. 5%-бен өте тиімді несие береді, субсидия алып отырмыз. Еңбегімізді бағалап жатқандарына ризамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы