Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылғанына үш жыл. Осы уақыт аралығында еліміздің су шаруашылығын дамыту, ирригациялық инфрақұрылымды жаңарту және су үнемдеу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Қазір республикада 8,5 мыңнан астам канал бар. 45 мың шақырым. Олардың басым бөлігі топырақ арнамен өтеді. Бұл судың едәуір ысырап болуына әкеледі. 2024-2025 жылдары ел бойынша 190 каналға реконструкция жасалып, жалпы мың жарымға жуық шақырым су арнасы жаңартылды. Қазірдің өзінде халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен бірқатар өңірде жобалар жүзеге асуда. Мәселен, ПУИД-2 жобасы аясында 3 200 шақырым канал қалпына келтірілді. Алдағы міндет – су ысырабына тосқауыл қою. 2028 жылға қарай шығынды 35 пайызға, ал 2030 жылға дейін 25 пайызға дейін қысқарту көзделген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы