Адал еңбектің түбі – жеңіс
Маңғыстауда Онды ауылында төрт түлігін түлетіп, шаруашылығын дөңгелетіп отырған Бауыржан Сейдахметов көп жылғы адал еңбегі үшін Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.
20 жыл бұрын жеке шаруа қожалығын құрған еңбек адамы бүгінде мал басын көбейтіп, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып келеді. Бауыржан Сейдахметов еңбек жолын 1986 жылы шопан көмекшісі болып бастаған. Кейін аға шопан атанып, мал шаруашылығының қыр-сырын меңгерді. 2006 жылы «Шалқар» шаруа қожалығын құрып, төрт түлікті өсіруге кіріскен. Содан бері өңірдің қатал табиғатына қарамастан, кәсібін табысты жүргізіп келеді. Алдағы уақытта шаруашылығын дамытып, жинаған тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үйретуді көздейді.
Бауыржан Сейдахметов, шаруа қожалық жетекшісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:
Жаңбырдың уақытындағы, қардың уақытындағы, қосымша қолдан азықтандыру оның бәріне келгенде күш керек. Сол уақыттарда кішкене қиындықтар болады. Бірақ еңбек еткен адамға соның артына түсіп, ол енді көп қиыншылық бере қоймайды. Әлде де ілгері қарай дамытамыз, балдарды үйрету керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы