Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында биылдан бастап мектептерде құқықтық білім беру күшейтілді. 5-7 сыныптар үшін «Конституция негіздері», ал 8-11 сыныптар үшін «Заң және тәртіп» міндетті курстары енгізілді.
Ата-ананың жеке үлгісінен бөлек, бала бойында заңға құрмет пен жауапкершілікті қалыптастырудың ең тиімді жолы - мектептегі жүйелі құқықтық тәрбие, - дейді ұстаздар. Сондықтан оқушыларға құқықтық сауаттылықты формалды ереже ретінде емес, күнделікті шешім қабылдау дағдысы ретінде меңгертуге тырысып жатыр. Сабақта балалар жеке жауапкершілік пен ортақ тәртіптің байланысын талқылайды. Заңға бағыну – тек шектеу емес, өз құқығың мен өзгенің қауіпсіздігін қорғау тәсілі екенін түсіндіреді.
Әмина Шаймұрат, мектеп оқушысы:
Менің ойымша, заңға деген құрмет кішкентайдан, тәрбиеден басталады. Яғни, кішкентайда ата-ана бізге бұны істеме, бұны жасауға болмайды деген сияқты өзімнің өмірімді заңмен байланыстырғым келеді. Әділетті азамат болғым келеді, сауатты азамат болғым келеді, құқықтық сауаттылығым мықты азамат болғым келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы