Бүгін - еркін күрестен Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Мәулен Мамыровтың туған күні
Бүгін - еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның он екі дүркін чемпионы, Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығының директоры Мамыров Мәулен Сатымбайұлының туған күні.
Мәулен Мамыров 1970 жылы Алматы облысы Қаратал ауданында дүниеге келген. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Жетістіктері:
- Жастар арасындағы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері (Австрия, 1988);
- КСРО жастар ойындарының күміс жүлдегері (КСРО, 1989);
- КСРО Кубогінің жеңімпазы (КСРО, 1990);
- КСРО чемпионы (1990);
- ТМД елдері чемпионатының қола жүлдегері (Ресей, 1992);
- Азия ойындарының чемпионы (Жапония, 1994);
- Азия Кубогы жарысының жеңімпазы (Индонезия, 1995);
- Орталық Азия ойындарының жеңімпазы (Өзбекстан, 1995);
- XVI Жазғы Олимпиаданың қола жүлдегері (Атланта, 1996);
- Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Ресей, 1997);
- Орталық Азия ойындарының чемпионы (Алматы, 1997);
- Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Корея, 1997);
- Азия чемпионы (Өзбекстан, 1999);
- Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, 2001).
І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
2007 жылдан бастап Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығының директоры.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12