Павлодарда қазақ күресінен сайыс өтті
Қазақстанның кеншілері, металлургтері және энергетиктері боз кілемде белдесу өткізіп, өз араларынан түйе палуанды анықтады. Павлодарда өткізілетін дәстүрлі турнирге биыл республикамыздың төрт аймағындағы кәсіпорындардан 100-ге тарта спортшы келді. Былтыр қазақ күресі ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді. Содан бері жұмысшы мамандар тарапынан спорттың бұл түріне қызығушылық білдіргендер көбейді. Бұл жолы да кәсіби емес балуандардың боз кілем үстіндегі белдесуі тартысты өтті.
Сабыржан Қабиденов, жарысқа қатысушы:
- Жұмыстан бос уақыт кезінде жаттығу жасаймын, демалыс күндері жаттығамын. Қазір енді абсолюттік сайысқа үміт етіп отырмыз. Күштірегі жеңеді енді, соған сенімдіміз.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14