Курск шайқасына қатысқан ардагерлер марапатталды
Курск облысының губернаторы атынан семейлік екі ардагер «Курск шайқасының 70 жылдығы» медалімен марапатталды. Курск доғасы - Отан соғысы тарихындағы ең ірі шайқастың бірі саналады.
Жан алып, жан беріскен бұл ұрыс 50 күнге созылып, жеңіске жетуде шешуші рөл атқарды. Оған Кеңес әскерінің 1 миллионнан астам жауынгері қатысқан.
Сұрапыл жылдары Семейден бұл майданға 100-ге тарта адам аттаныпты. Бүгінде олардың арасынан 90 жастағы Александр Доцук пен 92 жасқа келген Ольга Янчуктың ғана көзі тірі. Қарт майдангерлерге сұрапыл соғыстағы ерліктері үшін мерекелік медальдар салтанатты түрде табыс етілді.
Ольга Янчук, Отан соғысының ардагері:
Сол жылдар өте ауыр болды. Әлі де қиын күндерді еске алып отырамын. Бізді ұмытпай, құрметтегендеріңізге рахмет. 70 жыл бойы соғыссыз, бейбіт өмір кешіп жатырмыз. Бізге бұдан былай ешқандай жеңістің керегі жоқ. Тек соғыстың болмағандығы қажет, бейбітшілік керек!
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03