Мекеме басшысы қаржыны мақсатсыз жұмсаған
Семейдегі «Жылукоммунэнерго» мекемесі 2 ай бойы жалақы алмаған жұмысшыларымен ақпан айында толықтай есеп айырысады. Бұл туралы қала әкімі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Бүгінде кәсіпорын жұмысшыларға 150 миллионе теңге және отын- сумен, жарықпен қамтамасыз етуші мекемелерге 724 миллион теңге берешек.
Қала басшысының сөзіне қарағанда, мекеменің мұндай күйге түсуі, кәсіпорынның бұрынғы жетекшісінің жұмысты дұрыс ұйымдастырмауынан болған. Ол жылуға бөлінген қаражатты тиімсіз жұмсап, қажетсіз жұмыс орындарын құрған. Оған қоса кей кызметкерлерге негізсіз жоғары жалақы төлеген. Қазір бұл мәселені тиісті орган мамандары егжей-тегжейлі тексеріп жатыр.
Айбек Кәрімов, Семей қаласының әкімі:
Кейбір қызметкерлерге жоғары жалақы тағайындалған. Олардың арасында еш негізсіз 220 мың теңгеге дейін алғандары бар. Оған қоса біздің пікірімізбен санаспай, еш қажетсіз штат ашқан.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14