Оралмандарға арналған ақпараттық кітап жарық көрді
Семейде БҰҰ Даму бағдарламасы шеңберінде оралмандардың әлеуметтік-құқықтық қызметтерге қолжетімділігін арттыратын арнайы кітаптар шығарылды.
Бүгінде өңірде 1500-ге жуық жуық оралман тұрады. Зерттеулер көрсеткендей, олардың дені тарихи Отандарына алғаш келгенде көптеген мәселеге тап болады. Көп жағдайда құжат рәсімдеуді, көші-қон заңдылықтарын білмейді. Соның кесірінен азаматтық алуда, жұмысқа орналасу мен кәсіпкерлікпен шұғылдануда, оқуда қиындықтарға ұшырайды.
Жаңадан шыққан кітапшаларда оралмандарға қажет ақпараттар жинақталған. Қазақ тілінде басылған кітап елге оралған қандастарымызға таратылып отырмақ.
Тәбілтай Шәріп, БҰҰ Даму бағдарламасының кеңесшісі:
Көші-қон карточкасы деген болады. Соның уақытын өткізіп алса, ең азы 16 мыңнан 60 мың теңгеге дейін айыппұл төлеп жатады немесе көп адамдар оқшаулау бөліміне жабылады. Сондықтан, бұл кітаптар осы құжаттандыруға байланысты шығарылды.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14