Ноутбуктің ішінен есірткі табылды
Семейде есірткіні контрабандалық жолмен шекара арқылы өткізбек болған Ресей азаматы ұсталды. Ол гашишті ноутбуктың ішіне жасырған. Иісшіл иттің көмегімен тексеру жүргізген шекарашылар мен желілік полиция қызметкерлері 26 жастағы жолаушыны пойызда қолға түсірді.
Қазір күдікті қамауда, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Амалын асырып апиынды жасырын алып өтпек болғаны үшін, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қалжан Орынбеков, Семей станциясындағы ЖІІБ тергеу жөніндегі бастығының орынбасары:
Ірі көлемдегі есірткі затын Ресей азаматы ноутбуктың қуаттау бөлігіне жасырып алып өтпек болған. Тексеру барысында бұл жағдай әшкереленді.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14