Семейде «Кедергісіз театр» жобасы жүзеге асты
Семейдегі Абай атындағы театр ұжымы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен «Кедергісіз театр» жобасын жүзеге асырды. Бағдарлама мүмкіндігі шектеулі жандардың театрға келуіне барлық жағдай жасауды көздейді.
Жоба көмегімен сахналанған әрбір қойылымды құлағы нашар еститіндер де көруге мүмкіндік алды. Бұдан былай арнайы экрандарда аудармашы спектакльдердің сурдоаудармасын жасап отырады. Бұл есту қабілеті нашар адамдардың еш бөгетсіз әртістердің өнерін тамашалауына мүмкіндік туғызады.
Жоба шеңберінде өздігінен жүріп-тұра алмайтындардың да мәдени мекемеге келуі жеңілдеді. Ондай адамдарға арнайы жиналмалы пандустар орнатылды. Енді мүгедек жандар үшін қаладағы мұражайлар, кинотеатрлар мен қызмет көрсету орталықтарында да осындай жеңілдіктер жасалмақ.
Әйткен Әубәкірова, Құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат директорының орынбасары:
Мұнда театрдың әкімшілігі спектаклдің мазмұнын дұрыс түсінуге жағдай жасаған. Нашар еститін азаматтар құлаққапты киіп, аудармасын естісе, естімейтін азаматтар үшін сурдоаударма бар.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14