Оңтүстікқазақстандық шекарашылар тасбақа контрабандасына тосқауыл қойды
Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар тасбақа контрабандасына тосқауыл қойды.Сарыағаш теміржол станциясында тоқтаған жүк пойызын тексеру барысында құжаттарда көрсетілмеген жеті қапшық табылған.
Қызыл кітапқа енген кішкентай тасбақалардың саны 1330, жалпы салмағы 280 келі тартты. Тексере келе, жәндіктердің иесі жоқ болып шықты. Вагонға қалай тиелгені де белгісіз. Шекара қызметі мен тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Қуандық Әбдірахманов, «Оңтүстік» өңірлік басқармасы штабы бірінші бөлімі бастығының орынбасары:
Болжам бойынша Қазақстан арқылы Ресей Федерациясына өткізбекші болған. Тексеру әрекеттері аяқталған соң тасбақаларды зоопарктерге тапсыратын боламыз.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53