Еуразиялық интеграция күнін жариялауды жұртшылық құп көреді
Елбасының Ресей астанасында оқыған дәрісін шымкенттіктер де тыңдады. Шаһардағы түрлі мекеме қызметкерлері Мемлекет басшысының Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқан өткір ойлары мен жаңа идеяларын бірауыздан қолдап отыр.
Әсіресе, Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық интеграция күнін жариялау идеясын жұртшылық құп көреді. Айта кетейік, соңғы уақытта Кедендік одақ аясындағы елдермен тауар айналымы 88 пайызға өсіп, интеграцияның рөлі артып келеді.
Дәріс барысында Президент 2009 жылдан бастап Қазақстанның Еуразиялық экономикалық кеңістік пен Кеден одағы бойынша әріптестерімен арадағы тауар айналымы 24,5 миллиард долларды құрағанына тоқталды. Бұл ретте шикізатқа бай мемлекетіміз күн санап өңделген тауарлар көлемін арттырып отырғанын тілге тиек етті.
Мәселен, осы Ресей мен Беларусь еліне экспортымыз 63 пайызға, оның ішінде өңделген тауарлар шығаруымыз 2 есеге артты. Ал мұндай оңды өзгерістердің қазір көптеген кәсіпорындар ашылып, көршілес елдерге тауарларын саудалап жатқан оңтүстік тұрғындары үшін пайдасы шаш етектен. Осы арқылы елдің әлеуеті артып, өңірдің экономикалық жағдайы тұрақтала бастады.
Мұхтар Атабек, Шымкент қаласының тұрғыны:
Еуразиялық дамыған мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың бағытын айқындап берді деп есептеймін. Оның ішінде ғылым, ғарыш, мәдениет, инновациялық жаңа технологиялар саласын жік-жікке бөліп, нақты түсіндіріп айтты.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53