Қошқарата өзенінің бойынан демалыс аймағы ашылды
7 шақырымға созылатын жағалауда көпшіліктің алаңсыз серуендеп тынығуына, емдік судың шипасын сезінуіне барлық жағдай қарастырылған.
Игі іске бастамашы болған азаматтар алдымен қасиетті судан дәм татты. Содан кейін ғана демалыс аймағының тыныс-тіршілігімен танысты.
Мұнда ересектермен қатар, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалған.
Спорттың кез-келген түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Түгелдей жасыл желек жамылған өзен жағалауы әсем гүлдермен көмкерілген.
Ал, аптап ыстықта салқын самалды осындағы субұрқақтардың саясынан табуға болады.
Айта кетейік, бұл - облыс орталығында жыл басынан бері ашылған екінші демалыс орны.
Нұрғали Ақаев, Шымкент қаласының тұрғыны:
Бұл судың емдік қасиеті бар, деп айтатын. Кейіннен өзіміз түсіп, қасиетін байқадық. Тізе, бел, жүрек ауруларына ем. Сондай-ақ, қан қысымын түсіру үшін күзден бастап, қыс түскенше, екі күнде бір рет түсеміз.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53