Көпбалалы отбасының мерейі үстем болды
Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанған түркістандық Бимағанбетовтер әулетінің бұл күнде мерейі үстем болып, абыройы артты.
Байқаудың аяқталғанына бірнеше күн өтсе де, күллі Қазақ еліне танылған отбасыны құттықтап келушілер толастар емес.
Бимағамбетовтер отбасына келген қонақтар бәрі де отағасы Елтай ақсақал мен Елена әжейдің Астана барған сәті, Елбасымен кездесуден алған әсерін тыңдауға келген.
Ал әулеттің ұл-қыздары мен немере-шөберелері қара шаңырақта бас қосты.
Бақ қонып, құт дарыған әулетте осылайша ұрпақ сабақтастығы әдемі жалғасын тауып келеді. Еліміздің демографиясына өзіндік үлес қосып отырған мерейлі отбасы бүгінде күллі қазақ еліне танымал болып, талайларға үлгі, өнегеге айналды.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15