Үлескерлерді алдаған құрылыс компаниялары басшыларының кейбіреуі шетелге қашып кетуі мүмкін
«Азбука жилья» құрылыс компаниясының басшысы Ерқанат Тайжанов, Австрияның Вена қаласында жасырынып жүруі ықтимал. Астана қалалық прокуратурасы бүгін осындай мәлімет таратты. Үлескерлердің ақшасын қалтасына басып, шетел асқан күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, қамауға алу жөнінде сырттай шешім шығарылды.
Прокуратура дерегіне қарағанда, жымқырылған қаржы 27 миллиард теңге. Ал, абақтыда отырған «Әл-Баракат» компаниясының басшысы үлескерлердің 1 млрд 400 млн теңгеден астам ақшасын жинап алғаны белгілі болды. «ШейхҚазИнвест» директоры да уақытша ұстау изоляторында. Қазір, осындай 14 іске қатысты сотқа дейін тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Бүгінде Астанада құрылысы тоқтап қалған 45 нысан бар. Прокуратура өкілдері азаматтар тұрғын үйлерге ақшсын құймас бұрын, құрылыс жүргізетін компаниялардың сенімді екеніне көз жеткізіп алу қажетін ескертті.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
Kaznews.kaztrk.kz

Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15