Павлодарда жылу құбыры жарылып, кітапхананың 2500 кітабы жарамсыз болып қалды
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының қоры бір түнде 2500 кітапқа кеміді. Себебі, жылу радиаторы жарылып, айналаға су жайылған. Әбден дымқылданған кітаптарды көтере алмаған сөрелер жерге құлаған, сөйтіп судың астында қалады.
Дәл осы сәтте бөгде дыбысты естіген кітапхана күзетшісі бірден жылу жүйесіндегі суды тоқтатып, кітаптарды құрғақ жерге көшіре бастайды.
Соның нәтижесінде біраз оқулықтар сақталып қалды. Қазір қаншалықты зақым келгені есептеліп жатыр. Алдын ала мәліметке қарағанда кітапхана қорындағы құны 2 млн теңгеге жуық кітаптар жарамсыз болып қалған.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14