«Екібастұз» әні рекордтар кітабына енді
Рекордтар шаһары аталып кеткен Екібастұзда тағы бір тың жаңалық. Қаланың 60 жылдық мерейтойында 3253 адам орталық стадионға жиылып, бір мезетте «Екібастұз» әнін шырқады. Ресейдегі әлемдік рекордтарды тіркеу комитетінің бас арбитры Вадим Горюнов бұл деректі халықаралық бірыңғай реестрге тіркеді.
Жалпы, Екібастұздағы «Богатырь» көмір кеніші әлемдегі ең үлкен ашық шахта, ал, «МАЭС-2» станциясының түтін шығатын мұржасы әлемдегі ең биік мұржа ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Одан бөлек, Сахарадағы шөл даланы жүгіріп өтіп жеті рет рекорд жаңартқан супермарафоншы Марат Жыланбаевта осы Екібастұздың құрметті азаматы. Ал, бұл жолғы бірегей жобаға негізінен кеншілер мен энергетиктер қатысты.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14