Шетелдік инвесторларды тарту жоспары түзілді
Қазақстанға шет елдік инвесторларды тарту жоспарына түзету енгізілмек. Осы мақсатта Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен біріге отырып, инвесторлар үшін бірқатар жаңа жеңілдіктер дайындаған. Бұл туралы бүгін Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев аталған ведомстваның жиынында мәлім етті.
Жиынашар сөзінде вице-премьер: «Біз инвесторға ыңғайлы болуы үшін виза беру тәртібін жеңілдету, шетелден техника мен жұмыс күшін алдырту жолдарын оңтайландыру, заң талаптарын жұмсарту секілді іс-шаралар жасаймыз», - деді.
Әсет Иесекешев, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі:
Елімізді индустрияландыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру үшін бүгіннен бастап осы шаруаға қажетті барлық жағдайды жасауымыз керек. Бізде уақыт көп емес. Мамырдың 1-іне дейін Елбасына ұсыныс тапсыруымыз керек. Келесі аптаның соңында Премьер-Министр еліміздегі инвестициялық климатты жақсарту мәселесіне арналған жиын өткізеді. Сіз бен біз бірлесіп дайындаған ұсыныстар мен өтініштердісол жиында бірге талқыласақ деген ниет бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі енгізілді
16.08.2026, 20:17
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:04
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 18:37
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 18:06