Берлинде Қазақстан-Германия экономикалық форумы өтеді
Ертеңгі Үкімет отырысы «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының былтырғы қорытындысына арналады. Оның басымдықтары мен болашақ межелері туралы тиісті министрлік басшысы баяндама жасайды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.
Сондай-ақ, 3-5-наурыз күндері Астанада Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің отырысы өтеді.
Ереңгі отырысқа Ресей вице-премьері Игорь Шувалов қатысады. Ресми өкіл сондай-ақ, Президенттің елге инвестиция тартудағы жұмысты ширату туралы тапсырмасы шеңберінде Берлинде Қазақстан-Германия экономикалық форумы өтетінін хабарлады. Ал келесі апта басында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге ресми сапары жоспарланған.
Алтай Әбибуллаев, ҚР Президенті жанындағы Орталық қоммуникациялар қызметінің ресми өкілі:
2014 жылдың 11 наурызына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге ресми сапары жоспарланып отыр. Сапар аясында Мемлекет басшысының Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуі жоспарланған. Сапар шеңберінде саясат, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланады.
Ал брифингке келген Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев комитеттің былтырғы жетістіктеріне тоқталды. Өткен жылы онлайн-тіркелу әдісімен 2 мыңдай тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, электрондық форматта 440 мыңдай патент берілді.
Жалпы, елмізде салық төлейтін 1 миллион 300 мыңнан астам жеке кәсіпкер мен заңды тұлға тіркелген. Ал салықтан түсетін қаржы ел қазынасының 70 пайызға жуығын құрайды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:09
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 18:37
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18