Шетелдік компаниялардың қазақстандық тауарға сұранысы ұлғаяды
Елімізде мұнай өндіріп жатқан шетелдің ірі компаниялары отандық тауарларға сұранысты ұлғайта бастады. Жалпы көп жағдайда мұндай алпауыт инвесторларды дегеніңе көндіру қиынға түседі.
Дегенмен соңғы үш жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қазсервис» компаниясы екі ортаға дәнекер болып жүр. Мұнай өндіруге қажетті тауар шығаратын кәсіпорындардың басын біріктіріп одақ құрды. Олардың жалпы саны тоқсаннан асады.
Нәтижесінде шығаратын өнімдерін өндіріске енгізуге және оларға тапсырысты арттыруға барынша жағдай жасап отыр. Мәселе отандық тауардың сапасына тіреліп тұрған жоқ.
Сапа бойынша біздің тауарлар өзгенікінен кем емес. Тек құжаттық және әкімшілік жұмыстар көп кедергі келтіреді. Енді қазір осы мәселелер рет-ретімен шешіліп, ірі өндіріс кешендеріндегі отандық тауардың үлесі артып келеді.
Дәуіржан Ауғамбай, «Қазсервис» компаниясының бас директоры:
«Теңізшевройл» компаниясына келгенде жергілікті компаниялардың үлесі 32 пайызға тең болды. Бұл енді өткен жылдармен салыстырғанда жақсы нәтиже деп санаймын.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06