Геология саласына баса көңіл бөлінуде
Бүгінде елімізде мыстың болжамдық ресурстары 100 миллион тонна, мырыш 135 миллион, ал боксит қоры 809 миллион тонна. Дейтұрғанмен әлі де барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл жайында бүгін түсті металдардарға арналған геологиялық-барлау жұмыстарын атты семинарында айтылды. Қазір қатты пайдалы қазбалар 150-200 метрден игерілуде.
Ал тереңдеп мың метрді барлау алдағы уақыттың еншісінде. Мұнай-газ 7 мың метрден алынуда. Ал 15 мың метр алдағы уақытта жаңа технологияның көмегімен зерттелмек.
Тиісінше мелекет тарапынан қолдау да көрсетіліп отыр. 2012-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама аясында біраз жұмыс атқарылды. Оның қорытындысы жылдың соңында белгілі болады.
Базарбай Нұрабаев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы:
Екі жылдың көлемінде геология саласында үлкен мәселе көтеріліп, Елбасы мен Үкімет тиісті шараларды қолдануды тапсырды. Соның арқасында қазір көптеген жұмыстар жүріп жатыр. Кейінгі уақытта геология саласына бетбұрыс жасалды. Енді қарқынды жұмыстар дамиды. Әлі де көптеген кен орындары ашылады.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06