Кәсіпкерлерді заңсыз тексеруді тоқтату ескертілді
Елбасының шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге жариялаған мораторийіне байланысты Атырау облыстық прокуратурасы дөңгелек үстел өткізді. Жиынға кәсіпкерлік нысандарына тексеріс жүргізуге құзырлы орган басшылары және бизнес саласының өкілдері қатысты.
Басқосуда прокурорлар тараптардың мораторийге байланысты туындайтын сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, жиында заңсыз тексерістер жүргізуді тоқтату жөнінде айтылды. Себебі, жыл басынан бері облыста 986 тексеріс тіркелген болса, оның 485-і жоспардан тыс жүргізілген.
Аслан Нұрғалиев, Облыстық прокуратураның ресми өкілі:
Негізінен жер заңнамасының, мемлекеттік бақылау және қадағалау заңнамасының, салық заңнамасының бұзылуына байланысты шағымданады. Қазіргі уақытта, прокуратура органдары аталған шағымдар бойынша жан-жақты тексерулер, нақты шаралар қабылдады.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06