Қаржы нарығының интеграциясы
Кедендік одақ елдерінің ортақ қаржы нарығын қалыптастыру күрделі шаруа. Ол үшін үш елдің ерекшелігін жан-жақты зерттеп, асықпай шешім қабылдаған жөн. Мәскеу қаласында өткен форум барысында банк саласының мамандары жиналып, қаржы секторындағы интеграцияның келешегі мен кедергілерін талқылады.
Жиынға қатысқан Қазақстан тарапының пікірінше, бұл бағытта алға жылжу үшін, бірінші кезекте әрбір елдің ұлттық заңнамасын бір-біріне барынша жақындастыру керек. Себебі, әр елдің қаржы нарығы, ұзақ жылдар бойы өзінің экономикалық ерекшеліктеріне байланысты, түрлі бағытта дамыды.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
Соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстан мен Ресей қаржы нарығының дамуындағы айырмашылықтар айтарлықтай. Қазір біздің қаржы жүйеміз әртүрлі. Бұл бағытта интеграцияны дамыту үшін, алдымен мәселені құқықтық тұрғыда шешіп, банк саласын реттеу кезінде барлық тараптың мүддесін ескеру керек. Ең бастысы, қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан бұл істе асығуға болмайды.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06