Өндірісті «жасыл экономикаға» бұру ұсынылуда
Қазақ елі біртіндеп бүкіл өндірісін «жасыл экономикаға» қарай бұруы керек. Бұл шаруада ең алғаш қолға алынуы тиіс дүние - баламалы қуат көзіне өту. Яғни, дәстүрлі мұнай, газ, көмірдің өндірістегі үлесін азайтып, оның орнына қалпына келетін, таусылмайтын су, жел, күннен қуат алу ісін жолға қою керек. Бұл шаруаны бастап та кеттік.
Баламалы қуат көзі бүгінде жалпы тұтынылып жатқан энергияның 1 пайызына жетті. Бірақ бұл тым аз. Еуропада бұл көрсеткіш 26-30 пайызға жетеді. Біз де осы шамада қуат өндіруіміз керек. Оған мүмкіндігіміз жетеді. Сарапшылар қазақ жерінде азынап соғатын желдің әлеуетін, 12 сағат көктен түспейтін күннің мүмкіндігін пайдаланса, жылына 2 триллион киловатт-сағат энергия шығара аламыз дейді.
Мұндай мәліметтер, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Мәжілістің Табиғатты пайдалану және экология мәселелері жөніндегі комитеті ұйымдастырған жиында айтылды. Депутаттар бұл салаға заңнамалық тұрғыда қолдау жасап, қаржылай көмек беру қажет дейді.
Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Жасыл экономика тек жаңа қуат көздерін іздеу емес, қолданып жүрген энергиямызды үнемді пайдалану. Өкінішке қарай, бұл бағытта бізде әлі де үлкен жұмыстар тұр. Себебі, энергияны өндірген станция сол қуаттың тұтынушыға жеткізгенше, 40 пайызын жойып алады. Яғни біздің технологияларымыз ескі. Құрал-жабдықтарымыз ескі.
Нұрбек БЕКБАУ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06