Астанада Азия Даму банкінің 47-ші отырысы өтеді
Мамырдың 2-і мен 5-і аралығында Азия Даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші отырысы өтеді. Оған 67 елден 3 мыңнан астам делегат қатысады. Бүгін аталған банктің дәстүрлі отырысының үйлестірушісі Джил Дрилон кезекті жиынның күнтәртібі туралы әңгімелеп берді.
Делегаттардың ішінде Азия елдері қаржы министрлері мен халықаралық банк төрағалары бар.
Жалпы, отырыс аясында 25-тен астам шара ұйымдастырылмақ. Оның ішінде «Invest in Kazakhstan» халықаралық инвестициялық конференциясы да өтеді. Онда елдің инвестициялық саясаты кеңінен сөз болмақ.
Мақсат Мұқанов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы:
Қазір кезекті отырыстың барлық ұйымдастыру шаралары Үкімет деңгейінде талқыланып жатыр. Ұйымдастыру комиссиясына Премьер-Министр төрағалық етеді. Отырыс барысында Азияның әлеуетін танытатын сессиялар өтеді. Сондай-ақ, инновация мен энергетика, тасымалдау мен логистика тақырыптарына көп көңіл бөлінеді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06