Зейнетақы түсімдері бойынша толық ақпаратты 1 шілдеден бастап алуға болады
Зейнетақы түсімдері бойынша толық ақпаратты 1 шілдеден бастап алуға болады. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов Мәжіліс депутаттарымен болған кездесуінде айтты.
Оның айтуынша, жеке зейнетақы қорларындағы ақшаны біріктіру қысқа мерзімде өте сәтті өткен. Қазіргі күні 10 миллионға жуық зейнетақы есеп-шоттары бар. Ондағы қаржының көлемі 4 триллион теңгеге жуықтайды. Бұл шамамен 22 миллиард АҚШ долларына тең.
Сондай-ақ, жоғалған зейнетақы есеп-шоттары үшін алаңдауға негіз жоқ. Қазір олардың саны 1 миллионнан асады. Жинақтарындағы ақша көлемі - 1 миллиард 200 миллион теңге шамасында. Олардың көбі мекен-жайларын өзгертіп, кейін ол туралы мәлімет бермегендер. Сол себепті көшіп-қонған жағдайда зейнетақы қорын хабардар ету керек.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Бірінші шілдеден бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына ақпаратты өзіміз жеткізетін боламыз. Бірақ ақпаратты бәріне бірдей ғаламтор арқылы тарату әзірше мүмкін емес. Сол үшін мәліметтер халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беріледі. Болашақта инвестициялық табыс туралы ақпарат беруді де жоспарлап отырмыз. Ол үшін қазір нақты жұмыстар жүріп жатыр.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06