Интеграциялық үрдістер отандық астық экспортының мүмкіндігін арттырмақ
Интеграциялық үрдістер отандық астық экспортының мүмкіндігін арттырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.
Мәселен, өткен жылы Қазақстан алыс-жақын шетелдерге жалпы құны 1 миллиард 2 миллион доллар болатын 5 мың тоннаға жуық астық экспорттады.
Негізгі импорттаушылар - ТМД елдері. Олардың көшін Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері бастап тұр. 5 мың тонна астықтың 3 мың 600 тоннасы немесе 74,4 пайызы осы елдерге жөнелтілген. Қазақстандық астыққа Иран, Түркия, Грузия, Қытай елінен де сұраныс жоғары.
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Жыл басында біз астық экспортының орташа жоспарын белгілеген болатынбыз. Ол 7 миллион тоннаны құрап отыр. Кез келген экономикалық интеграция тауар айналымын арттырады. Сондықтан, біз өзіміз тұтынатын және дәстүрлі нарықта саудаға шығаратын астық көлемін арттыруымыз керек. Біздің стратегиялық мақсатымыз осы.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06