Кедендік одақ құрылғалы Ресейге экспорт көлемі артты
Интеграциялық ықпалдастық өз жемісін бере бастады. Кедендік одақ құрылғалы Ресейге ет экспорты 5 есеге, ұн экспорты 16 есеге артқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев хабарлады.
Соңғы 3 жылда қазақстандық ауылшаруашылық өнiмдерiнiң Кеден одағы нарығына шығарған өнімі 1 миллиард долларға жеткен. Интеграциялық үрдістердің нәтижесінде шекара маңындағы сауда көлемi де 40 пайызға өскен.
«Кеден одағының нарығы 2 триллион АҚШ долларын құраса, 168 миллион адам ресурсы бар. Бұл - кәсіпкерлерге берілген үлкен мүмкіндік»,- деді вице-министр.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Өңірлік даму минстрінің бірінші орынбасары:
Біздің Ресеймен шекаралас аймақтарда Омбы, Томск, Новосібір секілді ірі қалалар бар. Оларда 5,5 миллионға жуық адам тұрады. Яғни, біздің кәсіпкерлер үшін - үлкен нарық. Өзіңіз ойлаңызшы, бұл қалаларға тауарды оңтүстік Ресейден немесе орталық Ресейден тасығаннан гөрі, 100-120 шақырым жердегі Қазақстаннан тасыған әлдеқайда арзанырақ және жеңілірек.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06