Алматы аймақтық хабқа айналады
«Жұртшылықтың валюта айырбастау бағамы бойынша алаңдауына ешқандай негіз де, себеп те жоқ. Ешқандай девальвацияның болмайтындығы және мұның барлығы қауесет екендігі түсінікті», - деді бас банкир бүгінгі брифингте.
Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов Алматының Орталық Азиядағы Ислам даму банкiнiң аймақтық хабына айналатынын мәлімдеді.
Астана экономикалық форумы аясында елiмiздiң Үкiметi мемлекетiмiзге Ислам даму банкiнен 2 миллиард АҚШ доллары көлемiнде инвестиция тарту туралы келiскен болатын.
Нәтижесінде, Алматы қаласының аталған банк үшін маңыздылығы айқындалды.
Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы 2020 жылға дейiнгi Алматыдағы қаржы орталығын дамыту тұжырымдамасы жыл соңына дейін қабылданатынын жеткізді.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
Алматыда қаржы орталығын құру бастамасы өкiнiшке қарай, осы уақытқа дейiн тиiстi деңгейде дамытылған жоқ. Сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкiмет Ұлттық банкпен бiрге бұл бағытта бiрқатар нақты шешiмдер қабылдады. Тұжырымдама қайта қаралды. Бұл құжат 2014-жылдың 1-желтоқсанына дейiн қабылданады.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06