Көкшетаудағы «КамАЗ» құрастыратын кәсіпорында жүк көлігінің 4 түрі шығарылады
Көлік құрастыруға арналған бөлшектердің 95 пайызы көршіліс мемлекеттен тасымалданады.
Интеграциялық ықпалдастықтың арқасында кәсіпорын жұмысы жандана түсті.
«КамАЗ» құрастыратын зауытта 100-ден аса жұмысшы еңбек етеді. Солардың бірі - Есенжан Шакупаев. Ол - камаз көлігіне қажетті платформа дайындау цехында 7 жылдан астам уақыт темір ұстасы болып жұмыс істейді.
Есенжан Шакупаев, темір ұстасы:
Бір күнде бес шанақ шығарамыз. Жалақымыз жақсы, 80-90 мың. Жұмыс көп болса, көп аламыз.
Бүгінгі таңда бұл серіктестік «КамАЗ» құрастыру үшін Ресейдің 20-ға жуық кәсіпорнымен интеграциялық байланыс орнатты. Мұнда тапсырыс бойынша негізінен камаздың 4 түрі шығарылады.
Дайын өнім еліміздің осы жүк көліктеріне деген сұранысын толық қамтамасыз етеді.
Александр Грабовский, «КамАЗ» кәсіпорынның өндіріс жөніндегі жетекшісі:
Біз өткен жылдың жарты жылдығына дейін бір ауысыммен жұмыс істедік. Қалған жарты жылдықта екі ауысымға көштік. Осылайша, бір жылдың ішінде 1500 дана «КамАЗ» құрастырып шығардық.
Кәсіпорынның қазіргі жылдық орташа пайдасы 822 миллион теңгені құрайды. Алдағы уақытта платформаға қажетті материалдарды дайындап шығаратын цех ашып, өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06