Отандық кәсіпкерлер үшін нарық көлемі 10 есеге артады
Енді отандық кәсіпкерлер үшін нарықтың көлемі 10 есеге артады. Әрине, 170 миллион халықты қамтитын экономикалық кеңістікте тек бәсекеге қабілетті өнімдер айналымға шығады.
Яғни, елдегі бизнес өкілдері нарықтан өз орнын табу үшін тырысады. Кәсіпорындарда өндіріс көлемі ұлғайтылып, сәйкесінше, жұмыс орындары ашылады.
Перизат Әубәкірова, қала тұрғыны:
Үш ел арасындағы бұл келісімшарт өндірістің дамуына ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, елдер арасындағы байланыстың дамуына ықпал етеді.
Әділ Қасқарауов, қала тұрғыны:
Жаңа нарыққа шыққан соң біздің кәсіпкерлердің тауарын жаңа деңгейде шығару керек болады. Біздің елімізден алынған тауарлар бюджетке пайда әкеледі. Ал, түскен қаржы елдегі қарапайым халыққа пайдасын тигізеді, деп ойлаймын.
Орал Жүзбаев, қала тұрғыны:
Үш ел арасындағы қарым-қатынас өте жақсы болады. Еліміздің экономикасына көп көмегі тиеді. Мысалы, біздің азаматтар Ресей, Беларусь жеріне барып, бизнес аша алады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06