Басты Жаңалықтар Қазақстанның түрмелерінде теологиялық қызмет құрылды

Қазақстанның түрмелерінде теологиялық қызмет құрылды

Бұл экстремистік идеялардың таралуына тосқауыл болу үшін қолға алынып отыр. Қазіргі таңда түзету мекемелерінде 140 білікті маман жұмысқа кіріскен. Олар негізінен діни экстремизм қылмысы бойынша сотталғандармен сұхбаттасып, тура жолға түсіруді көздейді. Мамандардың айтуынша, бұл қазіргі таңда өте өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі, Сирияның өзіне Орталық Азия аумағынан 5 мыңға дейін азамат кеткен. Олар қайтып оралған жағдайда ел ішінде ғана емес, түрмелердегі  қауіпсіздікке де қатер тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, осы бағытта Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірігіп, арнайы жобаны да қолға алып отыр. Ол бастама 2019-2021 жылдарға арналған.

Бекболат Шакиров, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілі:

- Дамыған мемлекеттерден біз тәжірибе алып, біздің заңға сәйкес үйлестіреміз. Бізге сарапшыларды, теологтарды қосамыз дейді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу