V Халықаралық конгресc басталды
Ғалымдар мен сарапшылар екі күн бойы «Жаңғырту – әлем нарығының тұрақсыздығы жағдайында тау-кен металлургия кешенін дамытудың негізгі факторы» деген тақырыпты талқылайды.
Негізгі жиын Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ертең өтеді. Ал бүгін конгрес аясында ұйымдастырылған көрменің ресми ашылу салтанаты болды. Шетелдік қонақтар елуге жуық компанияның өнімдерін аралап көріп, жұмыс жоспарымен танысуға мүмкіндік алды.
V конгрестің басты жаңалығы - қазақстандық тараптың немістердің «VOLKSWAGEN AG» компаниясының өкілдерімен келіссөз жүргізуі.
Бақтыбай Қасымбеков, ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы:
Бізде өндіріліп жатқан өнімдерді басқа мемлекеттерге қалай шығару мәселесі қаралады. Мысалы, немістердің «VOLKSWAGEN AG» компаниясының өкілдерімен үлкен келіссөз жүргізіліп жатыр. Ол зауытта жылына 7,5 миллион көлік шығарылады екен. Ал оларға керекті көптеген металдар бізде өндіріледі. Олар алюминийді бізден сатып алуға мүдделі екендіктерін айтты.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06