«Astana Mining&Metallurgy» тау-кен металлургия Конгресі өтуде (толығырақ)
Дәл қазір «Металлургия саласын дамытудың тиімді стратегиясы» тақырыбында жиын өтуде.
Бұған дейін «Модернизация - тау-кен металлургия саласын жаңғыртудың негізі» және «Қазақстандық геологияның жаңа межесі» сияқты маңызды мәселелер турасында шетелдік және отандық сарапшылар орамды ойларын жеткізді.
Олардың айтуынша, Қазақстанда тау-кен металлургия саласына мемлекет тарапынан мейлінше көмек көрсетілуде.
Расында, соның нәтижесінде, бұл саланың өнеркәсіптік өндірістегі үлес салмағы 18 пайызға жетті. Оған қоса, кәсіпорындарда 300 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып отыр.
Сондай-ақ, елімізде «Үдемелі-индустриялық-инновациялық» даму бағдарламасын іске асыруда тау-кен металлургия саласында 50 жаңа өндіріс орны іске қосылды.
Биыл тағы 7 жоба іске аспақ. Ең бастысы, елімізге қыруар қаржы құямын, деушілер үшін инвестициялық жағдайды жақсартып, оны жетілдіруге күш салынуы қажет.
Төлеген Бекбауов, «FERRUM-VTOR» серіктестігі директорының орынбасары:
Біздің өніміміз ішкі және сыртқы нарыққа молынан шығарылып жатыр. Сондай-ақ, өзіндік құны төмендеді. Бүгінгі күні біз тек қана металл сынықтары және қалдықтарымен шектеліп қоймай, кен орнын игермекшіміз. Экспорт көлемі бұған дейін шетелге шектелмей тұрғанда 30-40 пайыз болатын. Қазір 50 пайызға жуықтады.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06