Геологиялық зерттеу жұмысы жанданбақ
Мамандар еліміздің жер қойнауындағы пайдалы қазба байлықтың жалпы қоры бүгінгі өлшеулі қорлардан әлденеше есе жоғары екенін дәлелдеп отыр.
Сондықтан, геологиялық барлау саласын әлемдік нарыққа шығару үшін тиісті Заңнамаға өзгертулер енгізіп, шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тарту ісі күн тәртібінде тұрған келелі іс.
Дәл қазір осы бағытта «Қазгеология» Ұлттық компаниясы тиянақты тірліктердің тінін тарқатуға кірісті. Олар Германия, Австралия, Оңтүстік Корея және Канада секілді жетекші елдерден инвесторлар тартуды қолға алды.
Ғалым Нұржанов, «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:
Таяуда екі жылдың ішінде инвесторларды тарту мәселесі бойынша шетелдік инвесторлар қазір 32 миллион доллар қаржы құймақ. Бұл - ең бірінші сатыдағы жұмыс. Одан кейін тағы да 3-4 жылдың ішінде 100 миллион долларға дейін инвесторлар тартамыз, деп ойлаймыз. Сол жұмыстың іске асатынына сенеміз. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану Заңына үлкен өзгерістер енгізіліп жатыр. Осы жылдың аяғына дейін жаңа Заң қабылданып жатса, Қазақстанда инвесторлық климат жақсарады, деген үміттеміз.
Жалпы, Үкіметтің 2015-2019 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы бойынша ел қазынасынан 120 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Жоба аясында Жезқазған, Зыряновск және Риддер сияқты шағын қалалардың маңындағы жер қойнауына геологиялық зерттеу жұмысы жанданбақ.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06