Кәсіпорындар үштік одақтан не күтеді?
Қарағанды облысындағы 600-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін Ресей мен Беларусь елдеріне өткізуде.
Сөйтіп, бір жылдағы үштік одақ елдерімен тауар айналымы 2 миллиард долларға жетіп отыр.
Сондай-ақ, Кеден одағы кеңістігін ұтымды пайдаланып, өндірісін өрістеткен кәсіпорынның бірі - Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы.
Жылына 7 мың тонна өнім шығаруға қуатты жаңа цех, экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған.
Дайын өнімдер Ресейдің Орынбор және Саратов облысында үлкен сұранысқа ие.
Дмитрий Малахов, кәсіпорын директоры:
2013 жылы 11 мың тоннадан астам өнім өндіріп, оның 17 пайызын шет мемлекетке шығардық. Ал, биыл өндіріс қуатын ұлғайтып, экспорттың үлесін 20 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Үштік одақ елдерінен бөлек, біз өнімді Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан мемлекеттеріне де тасымалдаймыз.
Валерий Крылов, Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының директоры:
Ықпалдастық артып, Кеден одағы елдері кәсіпорындарымен сауда-экономикалық байланыс беки түседі. Бұл - Еуразиялық экономикалық одақтың басты артықшылығы. Мұның өзі түптеп келгенде өндірістің дамуына серпін береді. Қазір Ресейге өнім шығару туралы келісімшартқа қол қойдық. Бұған қоса, Беларусьтағы әріптестермен келіссөздер басталды.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06