Еуразиялық экономикалық одақ - үлкен мүмкіндіктерге жол ашады
Еуразиялық ықпалдастық: болашаққа бетбұрыс. Бүгін Қызылордада осы тақырыпта форум өтті. Алқалы жиынға отандық, ресейлік және беларусьтік сарапшылар қатысты.
Басқосуда білікті сарапшылар Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді тұстарын жік-жікке бөліп, талқыға салды.
Олардың айтуынша, экономикалық одақ үш мемлекеттің, оның ішінде аймақтардың да дамуына жол ашады. Одаққа мүше елдерде өнеркәсіп дамып, шығарылатын өнімнің сапасы артады.
Еуразиялық экономикалық одақ тауар өндірушілер үшін үлкен нарыққа шығудың бірден-бір жолы.
Қазірдің өзінде Қызылордада жасалған тауарлар Ресей нарығында сұранысқа ие. Арадағы алыс-берісті арттыру үшін алдымен технологияларды жаңартып, өндірістік қуаттылықты арттыру қажет, деп ой түйді жиналғандар.
Қырымбек Көшербаев, облыс әкімі:
Ресей нарығына Кедендік одақ құрылған сәттен бастап, Қызылорда облысынан 73 мың тоннадан астам күріш экспортталды. Шығарылатын өнім сапасы да өте маңызды. Жаңа технологияларды енгізу әрі күріштің жаңа тұзды топырақта шыдамды сорттарын Краснодар қаласындағы күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институымен бірлесе жасау бойынша жұмыс басталды. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ нарығының артқан сұранысын өтеуге мүмкіндік береді.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06