Алматы облысында заманауи агробақ ашылды
Бұл жерде ғылыми тәжірибелер өткізіліп, диқандарға жаңа технологиялар таныстырылып отырады. Сондай-ақ, агробақ алқаптарында қант қызылшасы мен басқа да дақылдардың жаңа сорттары себіліп, оның өнімділігі тексерілетін болады.
Сынақ алаңының таныстырылуы барысында тұқым себудің цифрлі технологиясы шаруалардың назарына ұсынылды. Жаңа тракторлар автопилот арқылы басқарылып, заманауи сепкіштен тұқым топыраққа 2,5 сантиметр дәлдікпен түседі.
Андрей Агеенко, жоба жетекшісі:
- Біз тек жаңа технологияларды таныстырып қана қоймаймыз. Біз шаруаға экономикалық көрсеткіштердің өсу деңгейін түсіндіргіміз келеді. Әрбір өндіріс табысты болу керек. Ал, табыстың кілті - еңбек пен ғылымға негізделген жаңа технология.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14