ОҚО: Сарыағаш ауданындағы битум зауыты қарқынды жұмыс істеуде
Өнім Еуразиялық экономикалық одақ аясында көрші елдерге саудалап жатыр.
Сарыағаш ауданында ашылған зауытта қазір жол құрылысына қажетті сұйық және қою битум шығарылады. Жалпы құны 150 миллион теңге тұратын кәсіпорын жылына 365 мың тонна өнім өндіре алады.
Өндіріс ошағы қазір шикізатты Ресейден тасымалдайды. Осы арқылы ішкі нарықты сапалы битуммен қамтып отыр.
Серік Ағабеков, кәсіпорын жетекшісі:
Қазіргі таңда біз тәулігіне 100 тонна шығарып жатырмыз. 10 күннің көлемінде тағы үш қондырғымызды қосуға дайындаудамыз. Сонда тәулігіне 400 тонна шығаратын мүмкіндігіміз болады.
Ішкі нарықты біршама қанағаттандырған зауыт енді дайын өнімін алыс-жақын шетелдерге саудалай бастады. Сұраныс әсіресе Тәжікстан, Ауғанстан және Ираннан түсіп отыр.
«Ауылдық жерде орналасқан кәсіпорында жергілікті 80 адам еңбек етуде. Олардың басым бөлігі - жас мамандар. Болашақта жұмысшылар саны да көбейеді», дейді серіктестік басшылығы. Бұл үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде.
Мадияр Әшірбаев, Сарыағаш ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы:
Кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жеткізу, кәсіпорынға дейінгі су, жарық, газ жеткізіп беру, алдағы уақытта несие алатын болса несиесін субсидиялап беру сол бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Зауыт заман талабына сай зертханалармен жабдықталған. Болашақта мұнда тек жол битумы ғана емес, мұнай өнімінің басқа да түрлерін шығару жоспарланып отыр. Бірінші болып асфальт зауытын салу көзделуде.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53