Басты Жаңалықтар Әкімдер ашық кабинеттерде халықты қабылдайды

Әкімдер ашық кабинеттерде халықты қабылдайды

Алматы облысында ауыл әкімдері өздерінің кең кеңселерін шағын кабинеттерге ауыстыра бастады. 15 шаршы метр бөлмелерінің қабырғалары әйнектен жасалған. Бұл - өңірдегі мемлекеттік қызметтің «Open space» жобасына көшуінің жемісі. Облыс аумағындағы мектеп директорлары да 50 шаршы метрлік қабылдау бөлмелерінен бас тартты.

760 директор бірінші қабатқа ауысып, олардың 38-і әйнекті бөлмелерге ауысты. Халыққа қолжетімді болып, мәселелерінің тез шешілуіне ықпал ете бастаған жоба бірнеше аудан орталықтарында өз нәтижелерін бере бастады. Тұрғындар кейде мамандарға жолықпай-ақ, қажетті құжаттарын электронды үкімет бұрышынан алуға дағдыланып келеді.

Батырхан Тұрсынбаев, Сарыөзек ауылдық округінің әкімі:

- Халықты қабылдау ашық түрде жүргізіледі. Екіншіден мамандардың жұмыс уақытын қалай тиімді пайдаланып жатқанын қадағалауға мүмкіндік деп ойлаймын.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Бөлісу