Даму жолындағы әріптестік
Дамыған қазақ елімен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниет білдіріп отырған елдердің бірі - Сан-Марино. Еуропадағы ең көне, әрі ең шағын мемлекет Қазақстанның инвестициясына зәру. Ал, бизнес өкілдері біздің елде кәсібін өрге домалатқысы келеді.
2013 жылдың 9-қыркүйегі. Санмаринолық кәсіпкер Джанни Помпони үшін ұмытылмас күн. Көптен бергі арманы орындалып, Астанадан мейрамхана ашты. Зымыраған уақытпен бірге, қазір Елордада Помпонидің пиццасы да жақсы өтіп жатыр.
Джанни Помпони, кәсіпкер (Сан-Марино):
Мен дәл осындай пиццерия мейрамханасын Франция мен Бразилияда аштым алдымен. Дегенмен, ол жаққа қарағанда, Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған. Салық аз, пайда көп. Сондықтан, тағы да мейрамханалар желісін ашқым келеді. Оның үстіне Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында шетелдік инвесторлар үшін біраз жеңілдіктер жасалатынын айтты.
Қазақ Президентінің айтқанын, әрі өзінің Астанада біраз пайда тапқанын Джанни енді Сан-Маринодағы әріптестеріне жеткізіп жүр. Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың тартымдылығы қалталыларды да, үкімет өкілдерін де қызықтырып отыр.
Марко Арцилли, Сан-Марино Республикасының индустрия жөніндегі мемлекеттік хатшысы:
Экономикасы қарыштап дамыған Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнату - біз үшін өте маңызды. Өйткені, Сан-Марино өте көне мемлекет болғанына қарамастан, көбісі бізді біле бермейді. Елімізді әлемге таныстыру үшін біз Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне қатысқымыз келеді. Оған қоса, алдағы екі жылда салынатын халықаралық әуежайдың құрылысына қазақстандық инвесторлар қаржылай қолдау көрсетсе жақсы болар еді.
Екі ел арасында байланыс көпірін орнату үшін Сан-Мариноның бір топ кәсіпкері ақпанның соңында Астанаға аттанады. Қаржыларын Қазақстан экономикасына құйғысы келетін қалталыларды елордаға Джанни ертіп апарады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14
АҚШ әскерилері Иранның Кешм аралына соққы берді
03.11.2026, 20:13
Пәтер алып беремін деп 227 адамды алдап соққан
03.11.2026, 20:10
Елдегі 11 ірі банк тексеріледі
03.11.2026, 20:05
Әсел Жанасова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026, 20:03