Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі басталды
Жалпы, Алматы шаһары туристерді жылдың кез келген мерзімінде таң-тамаша ете алады. Сырттан келетін қонақтар үшін тамашалайтын қызық көп. Соның бірі -ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі.
Бүгін қала тұрғындары нағыз шығыс базарындай жайнаған жәрмеңкенің куәсі болды. Оңтүстік Қазақстан облысы ұйымдастырып отырған шараға 221 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, нарықтағы бағадан 20 пайызға арзан сатылды.
Алматылықтарға негізінен көкөніс, ет өнімдері, жеміс-жидек, сүт өнімдері ұсынылды. Облыста биыл 800 мың тонна көкөніс, 1 миллион тоннадан астам бақша өнімдері, 80 мың тонна жеміс-жидек пен 57 мың тонна жүзім өндірілген. Одан бөлек, ауылшаруашылық өнімдері сұраныстан үш есе артық өндіріліп, тауарлар шетелдерге де экспортталған.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06