Қазақстанда машина жасау саласы өркендеп келеді
Биыл Қазақстанда машина жасау саласы бойынша 1 триллион теңгенiң өнiмi өндiрiледі. Бұл туралы бүгiн «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» басқармасының төрағасы, Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев мәлiмдедi.
Оның айтуынша, машина жасау саласы 2010 жылдан бастап қарқынды дамып келеді. 2009 жылы Қазақстандағы машина жасаушылар 280 миллиард теңгенiң өнiмiн шығарса, индустрияландыру бағдарламасы бойынша 2015 жылға арналған мақсатты индикатор 580 миллиард теңге.
Яғни, 2010 жылдан бері машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 300 миллиард теңгеден 853,9 миллиард теңгеге дейін өскен.
Жалпы еліміз бойынша машина жасау саласында 283 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 70-і мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылған.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06