Басты Жаңалықтар Үндістанның  Керала штатында  емі жоқ вирустан 10 адам қайтыс болды

Үндістанның  Керала штатында  емі жоқ вирустан 10 адам қайтыс болды

Үндістанның оңтүстік-батысындағы Керала штатында «Нипах» вирусынан 10 адам қайтыс болды. Тағы 25 тұрғын осы аурудың белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Мидың қабынуына және тыныс жолдарының ауруларына алып келетін бұл індетке қарсы дәрі-дәрмек пен екпе жоқ. Оны жұқтырғандардың 70 пайызы қайтыс болады екен. Сондықтан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Нипахты» аса қауіпті 10 инфекцияның  қатарына қосты. Вирус алғаш рет 1999 жылы Малайзияда тіркелген. Кейін ол Австралия, Бангладеш, Үндістан, Қытай, Таиланд және Африкада анықталған.

Бұл инфекцияны жарқанат тұқымдастар таратады. Сондай-ақ, ол жануарларға да, адамнан адамға да жұғуы мүмкін.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу