Басты Жаңалықтар Аргентинада киносеанс кезінде кинотеатр ғимараты қирады

Аргентинада киносеанс кезінде кинотеатр ғимараты қирады

Аргентинаның Сан-Мигель-де-Тукуман қаласында киносеанс кезінде кинотеатр ғимараты құлап, үш адам қаза тапты. Олардың екеуі - ер адам, үшіншісі - әйел. Тағы бірнеше көрермен түрлі дене жарақаттарын алған. Құтқарушылар апат орнында түні бойы іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізген екен. 

«Рейтердің» хабарлауынша, іргелері қираған нысан өте ескі болған. Тұрғындар талай рет жергілікті биліктен онда жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұраған болатын.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Бөлісу