Францияда баланы құтқарған батыр мигрантқа ел президенті алғыс білдірді
Францияда төртінші қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарған малилік иммигрант нағыз батырға айналды. Парижде болған оқиға туралы кадрлар тез арада барлық әлеуметтік желілерге тарап кетті.
Мамуд Гассам қауіпсіздік арқанын қолданбай, бір минуттың ішінде-ақ балконнан балконға өрмелеп, 4 жасар баланың қолынан ұстап, оны қайта балконға көтерген.
Ал, бүгін 22 жастағы жігітті президент Эммануэль Макронның өзі Елисей сарайына шақырып, оған бүкіл француз халқы атынан алғыс білдірді.
Бұдан бөлек, Париж мэрі Гассамға қоңырау шалып, батылдығына тәнті болғанын айтып, оны «Өрмекші-адам» деп атады. Сонымен қатар, қала басшысы бірнеше ай бұрын Малиден келген иммигрантқа Францияда жаңа өмір бастауға көмектесуге уәде етті.
Мадина РАХЫМБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06