Босқындарға көмек көрсетуге тыйым салынбақ
Венгрия үкіметі заңсыз мигранттарға жәрдем көрсеткендерді қылмыстық жазаға тарту туралы жаңа заңжобаны дайындады. Жергілікті парламент сайтында жарияланған құжатқа сай, босқындарға қаржылай көмек көрсеткендер немесе ұйымдастырушылық әрекетпен айналысқандар бір жылға дейін түрмеге отырғызылуы мүмкін.
Егер бұл заңжоба қабылданатын болса, мигранттарға арналған ақпараты бар брошюраларды басып шығару, оларды тамақпен қамтамасыз ету және заңгерлік көмек көрсету қылмыс болып саналатын болады. Бұдан бөлек, ел конституциясына да өзгертулер енгізу жоспарланып отыр. Ондағы мақсат - Еуропа одағының өзге мемлекеттерінен пана іздеп жүрген босқындарды Венгрияға жіберу құқығынан айыру.
Бұл заңжоба келер аптада дауысқа салынбақ.
Мадина РЫСБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06