Бразилиялық мұнайшылар ереуілдетіп жатыр
Бразилиялық мұнайшылар 72 сағаттық ереуілге шықты. Олар мемлекеттік Petrobras компаниясының баға саясатына наразы. Сөйтіп, ондаған бұрғылау мұнарасының, мұнай өндеу зауыттарының және осы энергетикалық шикізатты құю терминалдарының қызметкерлері жұмысқа шықпады.
Шерушілердің пікірінше, Бразилияға отын тапшылығы қауіп төндіріп тұрған жоқ. Ал, таяуда елдің Жоғарғы соты мұнай саласы жұмысшыларының ереуілін заңсыз деп танып, оның әрбір күні үшін кәсіподақтарға 134 мың доллар көлемінде айыппұл салуды шешті.
Сонымен қатар, Бразилияда бір аптадан бері жүк көлігі жүргізушілері де ереуілдетіп жатыр. Олардың айтуынша, халық жанармай мен газ үшін әділ баға төлеуі тиіс.
Мадина РАХЫМБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06