Басты Жаңалықтар Ауғанстан президенті «Талибан» радикалды тобымен атысты уақытша тоқтату режимін енгізуге келіскенін жариялады

Ауғанстан президенті «Талибан» радикалды тобымен атысты уақытша тоқтату режимін енгізуге келіскенін жариялады

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани «Талибан» радикалды тобымен  атысты уақытша тоқтату режимін енгізуге келіскені туралы жариялады.

«Рейтердің» хабарлауынша, тараптар ымыраға Қасиетті Рамазан айының аяқталуы мен Ораза-байрам мейрамының басталуына орай келген. Ол маусымның 12-нен 20-на дейін жалғасады. 

Алайда, мемлекет басшысы «Ислам мемлекеті», «Әл-Каида» және өзге халықаралық террористік ұйымдармен бітімге келмегенін атап айтты.

Айта кетсек, жақында ғана Кабулде жанкешті террорист өз-өзін жарып жіберіп, 14 адамды мерт қылған еді. Ол лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті «ДАИШ» тобы өз мойнына алды.

Мадина РАХЫМБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу